Спамство

Шыны керек спамға тойып біттім. Бірақ олар қарша жауғанын тоқтатар емес. Агентімде мүлде сөйлеспейтін алыс таныстарым мені тек қана спам қабылдаушы контакт ретінде пайдаланады (20 адамға толтыру оңай емес қой әрине). Кейде мен де ерегесіп жіберіп отырамын. Алла тағала, Пайғамбарымыз (с.а.с.), ана тақырыптары үздік үштікке кіреді.

Бүгін спамның шырқау шегіне жеткен мынадай түрін оқыдым:

«Salem. «Бул омiрде ен асылы АНА. АНАН ушiн статуска журек кой. Сол журектi кайдагы жок бiреулерге коя бермей, АНАН ушiн 1рет кой!
Ары карай адамдарга жiбер. Сосын байкайсын, канша адамдар АНАсын суйетiнiн! Мынаны жiберiп едiм ертесiнде жаксы жаналык естiдiм!
Аллах ешкiмдi алдамайды. Бул смстi 9 адамга тарат. Ертен жаксы жаналык естисiн, егер отiнiшiмдi орындамасан, 7 жыл жамандык коресiн. Ла иллаха иллалах, мухамадур РассулАллах. 10-адамга тарат, АЛЛА ушiн ерiнбе, кешке жаксылык жасайды коресiн. <###20###img039> Ананды силамайды екенсин,озин бил».

(Спамның стилі мен лексиконын сақталды.) Ренжіп тұрып жазыпты. Бір емес, екі емес, бақандай 7 жыл…  Таң қалғаным бұл емес, таң қалдыратыны осыны ойлап тауып жазатын авторлары.

8 responses to “Спамство

  1. сондықтан мэйлрудан біржолата бас тартып, gmail-ге көшу керек.

  2. Бастан кеткен, өз ойы жоқтар жазады мұндай бос әурені. Ерінбейді екен адам деген 🙂

  3. Авторларының диагнозы топастықтан бері емес сияқты.

  4. Тілипонға да неше түрлілері келеді ғо, маған бір жолы мынадай келіпті «осы тыш** сөзім 9 адамға жіберсең, 9 күннен соң жақсылап тұрып тыш**сың» ешкімге де жібермедім 🙂

  5. уахахахаха Қалдықыз:)))) осындай спамдарға ренжіген біреу жіберген ғой:))))))

  6. mail.ru-ды өшіріп тастаған күні ұйқым тыныш болған шығар 🙂

Пікір қалдыру